"А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп" КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!!!

Қамқоршылық кеңесі


                                                ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

       Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде  Алға ауданының білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды.

    Отдел образования Алгинского района управления образования Актюбинской области на основании «типовых правил организации работы попечительского совета в организациях образования и порядка его избрания», утвержденных приказом министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года №355 (с изменениями, внесенными приказом министра образования и науки Республики Казахстан от 2 апреля 2018 года № 123) объявляет о приеме предложений в члены Попечительского совета организации образования Алгинского района.

Өтініштер askar.kaliev.69@mail.ru электронды поштасына 2021 жылдың 19-наурызына дейін қабылданады.

Заявления принимаются на электронную почту askar.kaliev.69@mail.ru  до 19 марта 2021 года

Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-40-61; 87054763669

Ескерту: өтініш үлгісі қосымша жалғанады.

Контактные телефоны: 8 (71337) 4-40-61; 87054763669

Примечание: Образец заявление прилагается

Өтінішті жүктеу сілтемесі-https://disk.yandex.kz/i/ZDi7jmHrMx53jw
                                                         








А. Байтұрсынов атындағы орта  мектепте  «Қамқоршылық кеңес»

 бойынша  атқарылған  жұмыстар туралы мәлімет

        2019-2020 оқу жылының  тамыз айында  Қамқоршылық  кеңесінің  жоспар бойынша кезекті отырысы  болды. Кезекті отырыстың  басты мәселесі  қоршылық кеңестің мүшелерін  құрамын жаңарту.  Қамқоршылық кеңестің  № 57  05.09.2019  бұйрығына сәйкес   мектептегі қамқоршылық кеңесі жаңа құраммен 2019-2020 жылына  бекітілген   жұмыс жоспарымен  өз жұмысын бастап кетті.

       Жоспар бойынша  қамқоршылық  кеңесінің қыркүйек айында  бір отырысы  өткізіліп, күн тәртібіндегі  жұмыстар талқыланды.  Биылғы 2019-2020  оқу жылында  «Мектепке жол»  акциясы  бойынша  97 000 тенгеге 13 балаға  көмек көрсетілді.  Сонымен қатар  ҚР Мемлекеттік  Елтаңбасы   жаңартылды, оған    45 000 тг  жұмсалды.

    Оқушыларды жаз  кезінде демалысын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік  категориясы бар  балалар  әр түрлі лагерде   демалуы  ұйымдастырылды.  «Достық» лагеріне- 2 оқушы,  «Түркістан – Шымкент»   қаласына саяхатқа – 1 оқушы,  «Анаға  тағзым»  үйіне  саяхатқа 20 бала  жолдама алды.  Балалар барған легерь саяхаттарынан  үлкен әсер алып қайтты.

       Мектебімізде  білім алушылары арасында есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдаланудың және құқық бұзушылықтар жасаудың салдары туралы ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сай, аулымыздың дәрігері Жубанова А.М. «Кәмелетке толмағандар арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, темекі шегудің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында темекі, есірткі алдын алу тақырыбында видеролик көрсетіліп, кездесу  тренинг, сұрақ-жауап, пікір-талас түрінде жалғасын тапты.

        Қамқоршылық кеңесі  мүшелері  мектеп өмірінде болып жатқан  барлық іс – шараларға ат салысып, олардан хабардар болып отырады.  Aтaп  айтсақ , ата – аналар жиналысына, оқушылардың спорттық жарыстарына, мектептен  тыс іс -  шараларына   өз үлестрін қосып  отырады.

ТЖО Г.Ш. Турлыбева