"А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп" КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!!!

История

Бұл мектеп Ахметкерей бастауыш мектебі болып құрылған. Мектептің құрылуына 1924 жылға дейін осы ауылда болыс болған Ахметкерей Қосуақовтың еңбегі зор. Ол кісі қазақтың белгілі ағартушысы Ахмет Байтұрсыновты  Қарағаштағы болыстық ауыл мектебіне шақырып, мұғалімдік қызметін берген. 

      1956 жылы жеті жылдық мектеп болып қайта құрылған. 1958-59 оқу жылында сегіз жылдық мектеп болып құрылып. 1983-84 оқу жылында он жылдық мектеп болып құрылды. 1988 жылы Қарағаш ауылында жаңа мектеп салынып, жоғарыда айтып өткендей қазақтың ұлы ғалымы Ахмет Байтұрсынов өзінің ұстаздық еңбек жолын алғаш осы Қарағаш ауылында шағын метептің мұғалімі қызметін атқарған. Оны ауылдың көне көз қариялары айтып, тарихи деректермен ізденіп, филология ғылымдарының докторы Рабиға Сыздықованың деректеріне сүйеніп, қызы Шолпанның деректеріне сүйеніп,мектебімізге 1990 жылдың 27 ақпанында аудандық атқару комитетінің шешімімен Ахмет Байтұрсынұлы аты берілді